ҚР БҒМ 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес бірінші сыныпқа түсетін балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі. Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Өтінішті "электрондық үкімет" порталы арқылы, сондай-ақ сілтеме бойынша "Сакура" порталы арқылы беруге болады Sakura24.kz.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.
Қажетті құжаттар тізімі:
* Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
* 052-2/ у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
* 3х4 өлшемді фотосуреттің екі данасы.